01
март
2024
АЛҒЫС АЙТАМ СІЗДЕРГЕ!
Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” негізінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 5-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Алғыс айтам сіздерге” тақырыбында ұстаздарға, мектебіміздің ардагер ұстаздарына арналған мерекелік кеш өтті. Кеш шымылдығын ашқан мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы ақжарма тілегін жеткізіп, қонақтарды атаулы күнмен құттықтады. Саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардагер ұстаздар құрмет төрінен орын алып, ұжымның сый-сияпатына бөленді. Шара барысында күмбірлеген күй төгіліп, әннен шашу шашылды. Өнерпаз оқушыларымыз жыр жолдарын арнап, балаша қуанған ардагер ұстаздарымыз жастық шақтағыдай шадыман күйде тарқасты. Сонымен қатар мерейлі кеш үшін барша ұжымға алғыс білдіріп, ақ баталарын арнады.












