28
февраль
2024
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛДІ!
Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” негізінде қазақтың график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай ”Әбілхан Қастеев. Тарих. Тағдыр. Тұлға” тақырыбында 7-сынып оқушыларына деректі фильм көрсетілімі өтті.
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.


