10
февраль
2023
МҰҚАҒАЛИ – АҚИҚАТТЫҢ АЛДАСПАНЫ!
Мектеп-гимназияда «Тәрбиемен берілген білім-өлшеуі жоқ қазына» апталығының аясында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 6 "Е" сыныбының жетекшісі А.Далдыбаева «Үш бақытым» тақырыбында әдеби кеш өтті. Хантәңірінің мұзбалағы, тау тұлғалы талант иесіне арналған кеш барысында ақынның өлеңіне жазылған әндері шырқалып, жебелі жырларынан поэзия оқылды.
Іс-шараның мақсаты: оқушыға ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту.




