22
январь
2024
ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда «ДосболLike: достық қолын ұсын» республикалық акциясының аясында «Ар-ұят» құндылығының негізінде 1-4-сыныптар арасында «Дос болайық бәріміз», 5-7-сыныптар арасында «Адал дос», 8-10-сыныптар арасында «Ұлы тұлғалардың достығы» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Оқушылар тәрбие сағаттарының барысында тақырыптық суреттер салып, ән шырқалды.
Мақсаты: мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау, оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.
Іс-шараның ұраны: Нағыз досыңның болғанын қаласаң-дос бол!









