19
декабрь
2023
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ!
Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін ретте үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, наным-сенімдер, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі.
Мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында құндылыққа негізделген тәрбие сағаттарының апталығы өткізілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты:
Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету. Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.






