Оқушылар жетістіктері » Страница 4 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

"Мұра" қысқа метражды фильмі "Деректі кино"
25
февраль
2022
"Мұра" қысқа метражды фильмі "Деректі кино"
Аудандық білім бөлімі мен Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 23 ақпанында өткен "Қазақстан балалары шексіз әлемде!"  балалар киносының фестивалінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының  9"Ә" сынып оқушылары Серік Бағдаулеттің   "Мұра" қысқа метражды фильмі "Деректі кино" номинациясы бойынша І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі-педагог-ұйымдастырушы Жолдасов М. Оқушыларымызды жеңісімен құттықтаймыз және облыстық кезеңде
"Адам және қоғам циклі"
24
февраль
2022
"Адам және қоғам циклі"
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында  "Адам және қоғам циклі" пән бірлестігінің айлығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Н.Т.Нарикбаеваның ұйымдастыруымен  "XXI ғасыр көшбасшысы" тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету арқылы шыңдау. Жеңімпаздар бас жүлде, I, II, III орын дипломдары және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!
«Аты аңызға айналған – Роза Бағланова»
21
февраль
2022
«Аты аңызға айналған – Роза Бағланова»
Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Аты аңызға айналған – Роза Бағланова» тақырыбында сынып сағаттар ұйымдастырылды.  
"Ұлттық мектеп-лигасы" жарысының  ІІ аудандық іріктеу ойындары
18
февраль
2022
"Ұлттық мектеп-лигасы" жарысының ІІ аудандық іріктеу ойындары
Байзақ ауданы "Ұлттық мектеп-лигасы" жарысының  ІІ аудандық іріктеу ойындары бағдарламасындағы  волейболдан қыздар тобында 7-8 сыныптары арасында І орын диплом  алған Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп - гимназиясының командасы марапатталып, облыстық кезеңнің жолдамасын иеленді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!  
"UZDIKTER ALEMI" байқауы
18
февраль
2022
"UZDIKTER ALEMI" байқауы
ІІ Республикалық "UZDIKTER ALEMI" байқауында  "КӨРКЕМСӨЗ" номинациясы бойынша өнер көрсеткені үшін Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Юсупов Абылайхан, Серікбек Диана , Қанатқызы Айзере БАС ЖҮЛДЕМЕН, Мұхтар Дидар І орын дипломмен марапатталды. Жетекшісі Умирбаева Құндыз Уразовнаға АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!  
жас қаламгердің шеберлігі мен шығармашылық қабілеті
11
февраль
2022
жас қаламгердің шеберлігі мен шығармашылық қабілеті
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жас қаламгердің шеберлігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Жас қаламгер» атты әңгіме жазу байқауында Нығметулла Киікбаев мектеп-гимназиясының 7 «Ә» сынып оқушылары Раматуллаева Жазира II орын дипломын иеленсе, Тулебаева Инабат алғыс хатпен марапатталды.
"Жас Ұланның - ЖҰЛДЫЗЫ!"
09
февраль
2022
"Жас Ұланның - ЖҰЛДЫЗЫ!"
Байзақ ауданы Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Жас Ұланның - ЖҰЛДЫЗЫ!" атты аудан мектептері арасында ұйымдастырылған ән байқауында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Жамаладдин Нұржігіт ІІ орын иеленіп, Жүзбай Диас алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!  
«Қыз бала – болашақ ана»
23
декабрь
2021
«Қыз бала – болашақ ана»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында қыз балалар арасында «Қыз бала – болашақ ана» тақырыбында аудандық аурухана гинекологы М.Ибрагимова, СӨС жауапты маманы А.Айтбаева және ЖДО психологы А.Ержанованың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Ерте жүктіліктің алдын-алу», «Қыз бала гигиенасы» тақырыптарында мамандар қыз балаларға өз кеңестерін беріп өтті.