Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ ауданының
«Есік алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атың ғой, ауылыңда қарияң болса, жазулы тұрған хатың ғой», деген бар қазақта. Жасы үлкендердің өмірден көргені де, тұрмыстан түйгені де көп. Үлкен өмірлік тәжірибесі мен даналығы мол аға ұрпақтың жастарды рухани жағынан тәрбиелеуде, бағыт-бағдар беруде маңызы зор. Жасы ұлғайғанына қарамастан аға буын өкілдері, құрметті ардагерлеріміз ауданның әлеуметтік-қоғамдық өміріне етене араласып келеді. Олардың қажымас қайраты, азаматтық ұстанымы – жас ұрпаққа