Іс-шаралар » Страница 23 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында аудандық 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген «Тәуелсіздік тұғыры» атты онлайн сурет байқауы
11
декабрь
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында аудандық 5-6 сынып оқушылары
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында аудандық 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген «Тәуелсіздік тұғыры» атты онлайн сурет байқауында мектеп-гимназиямыздың 6 сынып оқушысы Кеңес Ұлдана 2 орынмен марапатталса, «Шебер қолдар» атты қолөнер байқауында 5 сынып оқушысы Құрбанбай Жақсылық жүлделі 1 орынмен марапатталды. Жетекшісі: Махамбеткулова Акнура. Оқушыларымыз бен жетекшісін жетістігімен құттықтаймыз! #Біртұтас_тәрбие_жамбыл
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Қамқор" жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» тақырыбында мектебіміздің "Сәбилер" аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді .
08
декабрь
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Қамқор" жобасы аясында «Табиғатқа
Мектеп-гимназияда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Қамқор" жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» тақырыбында аға тәлімгер және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен  мектебіміздің "Сәбилер" аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді . Тазалықты жанына серік еткен оқушыларымыз ауызбіршілікпен қоқыстарды жинап, мектеп ауласын тазартты. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу мектеп-гимназия оқушыларының назарынан тыс қалған емес. #Біртұтас_тәрбие_жамбыл
🔰БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!
06
декабрь
2024
🔰БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!
6 желтоқсан күні сағат 12:00 де «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты бүкілреспубликалық флешмобы өткізілді. Мақсаты: Белсенді ұжымдық қызмет арқылы оқушылардың салауатты құндылықтарын қалыптастыру. Флешмобтың ашылу салтанатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимова Г.У. оқушыларды құттықтап, іс-шараның мақсат-міндеттерімен және дене белсенділігін, дұрыс және пайдалы тамақтану нормаларын, бос уақытты белсенді өткізуді, оқушылардың жаман әдеттерден бас тартудың пайдасы туралы
Қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драмашысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай "Бейімбеттің биігі" тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
06
декабрь
2024
Қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драмашысы, қазақ әдебиетін
.Қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драмашысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай "Бейімбеттің биігі" тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: қазақ әдебиетінің аса талантты өкілдерінің бірі Бейімбет Майлин туралы білімдерін кеңейту мақсатында өмір жолы мен шығармашылығынан мәлімет беру #Біртұтас_тәрбие_жамбыл
Мектеп-гимназияда бастауыш сынып оқушыларына “Әжемнің ертегілеріне саяхат” атты танымдық сабақ өткізілді.
06
декабрь
2024
Мектеп-гимназияда бастауыш сынып оқушыларына “Әжемнің ертегілеріне
”ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІЛЕРІ” Мектеп-гимназияда бастауыш сынып оқушыларына “Әжемнің ертегілеріне саяхат” атты танымдық сабақ өткізілді. Исакова Дүрия әжеміз балаларға қызықты ертегілер айтып берді. Сабақ барысында әжелер ертегі айтып қана қоймай ұлттық ойындар жайында да сөз қозғады.  Мақсаты: оқушылардың ертегі кітаптарды оқуға деген құштарлығын ашу #біртұтас_тәрбие_жамбыл
🔰ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
05
декабрь
2024
🔰ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
4-5 желтоқсан  күні мектеп-гимназияда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында  2-3 сынып оқушылары арасында  «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында театрлық  қойылым өткізілді. Оқушылар ертегілерге сахналық қойылым көрсетіп, түрлі кейіпкерлерді сомдады. Байқау соңында үздік өнер көрсеткен сыныптар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың мақсаты:  - Оқушыларды шығармашылыққа, көркем сөйлеуге үйрету; - Оқушылардың қиялына қанат бітіріп, дүниетанымын тереңдете түсетін
🔰Lesson Study – зерттеу сабақтарының жүргізілу барысы.
02
декабрь
2024
🔰Lesson Study – зерттеу сабақтарының жүргізілу барысы.
«Топтық жұмыс арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мүмкін бе?» зерттеу тақырыбы бойынша, 7 «Д» сыныбында Lesson Study сабақтары жүруде.  Мақсаты: Оқушылардың пікір алмасу, сөздік қорын байыту, өзара қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.  Лессон Стади бойынша сабаққа қатысқан топ құрамы өздері таңдаған тақырып бойынша зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылады. Оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды
🔰МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
29
ноябрь
2024
🔰МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 11 сынып оқушыларына мектеп- гимназия директоры Ермекова Гульбахрам Серікқызы МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы
29
ноябрь
2024
«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы
 Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиямызда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ішкі талқылау жүргізілді. «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге және
⚜️"ҮЛГІЛІ СЫНЫП", "ҮЛГІЛі ОҚУШЫ"⚜️ челленджі
25
ноябрь
2024
⚜️"ҮЛГІЛІ СЫНЫП", "ҮЛГІЛі ОҚУШЫ"⚜️ челленджі
 Мектеп-гимназияда 1-11 сынып оқушылар аралығында бойында түрлі ерекше қасиеттермен ерекшеленетін оқушыларды анықтау, олардың үлгілі болатындай қасиеттерін дәріптеу, талантты, талапты оқушыларды анықтау , мектепте өзін-өзі басқаруы, шабыт ізденімпаздық, еңбекқорлық, белсенділік қызығушылық сияқты көптеген қасиеттерді бойына сіңіре отырып өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау мақсатында “Үлгілі оқушы “, ” Үлгілі сынып”челленджі ұйымдастырылды.