07
март
2023
«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ-ЖАН АНАМ!» МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әлемнің жарығы-жан анам» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мектебіміздің аяулы ұстаздарын ардақтау, оларға құрмет көрсету, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өткен іс-шарада барша нәзік жанды ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді. Өнерпаз оқушыларымыз ән-жырдан шашу шашып, мың бұрала би билеп, орта шаттыққа толды.
















