25
май
2022
«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақтанның ертеңі» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны
Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл – мектебіміздің түлектері үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естерінде мәңгілік қалары сөзсіз. Осы орайда Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 11 жыл бойы тәлім – тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің сүйікті мектебімен қоштасар «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақтанның ертеңі» атты Балалар жылына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.






















