29
апрель
2022
«Балалар жылы - 2022»
2022 жылдың 30 сәуір күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Балалар жылы - 2022» жылы және 29 сәуір халықаралық би күніне арналған «Би өнері – әлемнің рухани елшісі» атты шығармашылық би кеші ұйымдастырылды. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, балаларды еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді. Бүгінгі ұйымдастырылған би кешінде мектебіміздің «Балауса» би үйірмесінің қатысушылары 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша шығармашылық есебін берді.
























