17
март
2025
12.03.2025 ж. күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қыдыралиева Зауре және Амирова Қарлығаш 9 сыныпта М.Горький «Сказки об Италии» тақырыбында ашық сабақ өтті
«Тьюторлық онлайн мектебі» жобасы
Магниттік мектептердің педагогтеріне қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, олардың педагогикалық қызметінің нәтижелілігін жетілдіру арқылы кәсіби дамуын қалыптастыру мақсатында Мырзатай орта мектебінің ұстаздарымен ұйымдастырылған дуәттік сабақтар өз жалғасын табуда.
12.03.2025 ж. күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қыдыралиева Зауре және Мырзатай орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амирова Қарлығаш 9 сыныпта М.Горький «Сказки об Италии» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау, автордың ұстанымын анықтай отырып, шығарманың мазмұнына баға беру.
Пән мұғалімдері мақсатқа жету үшін жаңа педагогикалық технологиялар мен техникалық оқыту құралдарын қолданды.
Сонымен қатар, сабақта сөйлемге талдау жасатып, теориялық білімді практикада қолдану дағдылары дамытылды. Сабақ тақырыбына сай қосымша мәліметтер қолданылып, мазмұны байытылды.