
ЖАС МАМАНДАР АЙЛЫҒЫ

️Мектеп-гимназияда “Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман” атты жас мамандар айлығы барысында физика пәнінің мұғалімі Нұрғалиұлы Диас 7-9 сынып оқушыларымен “Жұлдыздар және Астеризмдер” тақырыбында виртуалды сабақ өтті. Бұл сабақта оқушылар жұлдыздардың қасиеттері, олардың түрлері және аспандағы орналасуы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, астеризмдер мен шоқжұлдыздардың айырмашылығы қарастырылып, танымал астеризмдерге мысалдар келтірілді.
Сабақ барысында:

Жұлдыздардың жіктелуі мен сипаттамалары зерттелді;

Астеризмдер мен шоқжұлдыздардың айырмашылығы талданды;

Танымал астеризмдер анықталып, олардың аспандағы орны қарастырылды;
Бұл сабақ оқушылардың астрономияға қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарасын дамытуға бағытталды.