03
февраль
2025
🔰 Біртұтас тәрбие бағдармасының аясында Мектеп-гимназияда «Заң және тәртіп » айлығына байланысты «Құқық бұзушылық және заңдылық» тақырыбында Дебат клубының жетекшілерінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында дебат өткізілді.

Дебат барысында келесі мәселелер талқыланды:
1.Құқық бұзушылықтың негізгі түрлері және олардың салдары.
2.Заңдылықты сақтаудың қоғам үшін маңызы.
3. Құқықтық мәдениетті дамыту жолдары.
4. Жастар арасындағы құқықтық тәртіп мәселелері.
Іс-шара қорытындысында қатысушыларға құқықтық жауапкершілік пен заңды құрметтеудің маңыздылығы туралы кеңестер берілді.