27
январь
2025
🔰Мектеп-гимназияда «Заң және тәртіп » айлығына байланысты «Қоғамдық мүлік және қоғамдық мүлікті қорғау» тақырыбында дебат үйірмесінің жетекшісі Сапарбаев Бекзат пікір-сайыс (дебат) өткізді.

Дебат ойынына 8-10 сыныптар қатысты. Сайыс барысында оқушылар құқық бұзушылық және заңдылық туралы өз ойларын ортаға салып, сан алуан пікірлермен алмасты. Оқушылар ұсынған статистикалық мәліметтер мен аргуметтер төрешілерге ұнап, алғыс хаттар табысталды.
Мақсаты: Оқушылардың қоғамдағы орынын білуде;Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етңп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу; Қоғамдық мүліктерге сыйластықпен қарау мен қоғам алдында жауапкершілік сезінуге, Жас ұрпақтың бойында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту; шешендік және пікірталас ережелерін үйрету.