18
январь
2024
РӘМІЗГЕ ҚҰРМЕТ-ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ!
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Осы орайда мектеп-гимназияда 3-сынып жасқырандықтарының қатысуымен «Рәмізге құрмет-қастерлі міндет» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушылардың Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту, оқушы бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.






