КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС – КӨҢІЛДІ ОҚУШЫ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС – КӨҢІЛДІ ОҚУШЫ!
13
октябрь
2023

КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС – КӨҢІЛДІ ОҚУШЫ!

Ойын балалардың негізгі іс–әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. 
Осы орайда мектеп-гимназияда оқушылардың үзілістегі уақытын тиімді ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында «Боулинг» ойыны өткізілді.