ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

31
март
2023

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ!

Кәсіби бағдар беру айлығы жоспарына сәйкес педагог-психолог Оразалиева Гүлсезім 10-сынып оқушыларымен "Сенімділік күш береді" тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренинг барысында оқушылар кәсіби жолда ұжыммен бірге жұмыс атқару үшін қажетті икемділіктер мен дағдыларды дамыту, ұжымдық жұмыста топ мүшелеріне сенім арту бойынша жаттығулар орындап, кез келген істе топтық жұмыстың маңызы туралы пікір алмасты. Болашақ кәсібі үшін тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонмен қатар икемді дағдыларды дамыту маңыздылығына тоқталып өтті.