АТА-АНАМЕН БІРЛЕСКЕН САБАҚ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» АТА-АНАМЕН БІРЛЕСКЕН САБАҚ ӨТТІ!
24
февраль
2023

АТА-АНАМЕН БІРЛЕСКЕН САБАҚ ӨТТІ!

24 ақпан күні мектеп-гимназияда құқықтық тәрбие беру айлығы, "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" апталығы барысында 8 «В» сынып жетекшісі Қарабаева А.А. «Менің бақытты жанұям» тақырыбында ата-анамен бірлескен сабақ өтті. 
   Мақсаты: отбасындағы зорлық-зомбылық туралы түсінік беру, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, баланың ата-анасымен, ата-ананың баласымен дұрыс тіл табысуға, балағы қысым түсірмей, зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас орнатуға бағыт беру.
   Сабақ барысында «Пирамида» жаттығуы жүргізіліп, оқушылар тобы берілген сұрақтардың төңірегінде өз ойларын білдірсе, ата-аналар тобы отбасылық мәселелерге байланысты жағдаяттар шешті. Ата-ана мен оқушылар тығыз байланыста болып, «Жылы жүрек – жақсы тілек» әдісі арқылы кері байланыс жүзеге асты.