24
февраль
2023
«ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ!
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жолда жүру ережесі дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Осы орайда, мектеп-гимназияда 1-сынып оқушылары арасында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы барысында ақпараттандыру сағаты өткізілді. Оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері, жолда жүру белгілері және олардың қолданылуы туралы ақпарат беріліп, қауіпсіздік ережесі де еске салынды. Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережелері жайлы білімдерін кеңейте отырып, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.