«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Шабыт» үйірмесінің
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Шабыт» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Тіл білгірі» сайысы жоғары деңгейде өтті. Балалар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлық танытты. Қазақ тіліне деген қызығушылық пен құрметті арттыруды мақсат еткен сайыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар дипломдармен марапатталды. Тәрбиелік мәні зор, танымдық шара балалардың көңілінен шықты.