🔰15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасылық дәстүрлер»
15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасылық дәстүрлер» апталығы аясында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында 2-сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен сурет байқауы өткізілді. Байқауды бастауыш сынып мұғалімдері Манкеева Г, Құдабаева А, Жылқыбаева Қ ұйымдастырды. Нәтижесінде жеңімпаз отбасылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды. Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, балалардың шығармашылығын дамыту, ата-ана мен баланың байланысын нығайту. #отбасыкүні2025 #familyday2025