15
май
2025
🔶15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай «Бақытты отбасы» тақырыбында 3-сынып оқушылары арасында отбасылық спорттық жарыс өткізілді. Спорттық жарысқа 9 отбасы қатысып, жеңімпаз отбасылар дипломдармен марапатталды.


Мақсаты: Отбасылар арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен ата-аналардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақытты тиімді әрі көңілді өткізуге жағдай жасау.