🔷 Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп-гимназияда Алғыс айту
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп-гимназияда Алғыс айту күніне орай “Жүректен жүрекке” атты тілектер тақтасын ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – ізгілік пен ризашылық мәдениетін дамыту, оқушылар мен қызметкерлер арасында жағымды қарым-қатынас орнату. Тілектер тақтасына әр қатысушы өз алғысын білдіріп, жылы лебіздері мен тілектерін жазып орналастырды. Сонымен қатар, шара барысында алғыс айту мәдениетінің маңызы түсіндіріліп, достық пен мейірімділікке шақыратын әңгімелер жүргізілді.