🔰12 қараша мектеп-гимназияда
«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жаңа Президентін және министрлерін ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президенті 10 «А» сынып оқушысы Арқабек Нұрбол болып табылды. Мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жаңа көшбасшыларын құттықтап, сертификат табыстады. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.