Материалы за Октябрь 2024 года » Страница 2 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» Материалы за Октябрь 2024 года » Страница 2
🔰ЭКСПРЕСС САҒАТ ӨТТІ!
14
октябрь
2024
🔰ЭКСПРЕСС САҒАТ ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амалбекова М. “Сәкен Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығы” тақырыбында экспресс сағат өтті. Мақсаты: көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, халық композиторы Сәкен Сейфуллиннің өмірімен,шығармаларымен таныстыру.
“Қыз жібек”
13
октябрь
2024
“Қыз жібек”
“Қыз жібек” қыздар  клубының жоспарына сәйкес 8-9 сыныптың қыз балаларымен адамгершілік-жыныстық тәрбие беру мақсатында “Қыз қылығымен көрікті” атты тақырыпта кездесу өткізілді. Кездесу барысында  қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерге тоқталып, сонымен қатар жеке гигиенаға қатысты  бейнероликтер де көрсетілді.
🔰Қазақтың қос қаһарманы Рахымжан
11
октябрь
2024
🔰Қазақтың қос қаһарманы Рахымжан
Қошқарбаев және Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай "Ұранды ердің ұрпағы қайсар" атты аудандық саптық ән байқауынан  мектеп-гимназиямыздың 10 сынып білім алушыларынан құралған "Қыран" командасы 3-орынға ие болды. "Қыран" командасын құттықтаймыз! 
Сүйіспеншілікке толы жүрек
11
октябрь
2024
Сүйіспеншілікке толы жүрек
10 қазан күні  Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен "Сүйіспеншілікке толы жүрек"  атты акциясы өткізілді.  
Тренинг өткізілді
11
октябрь
2024
Тренинг өткізілді
2024 жылдың 9 қазан күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен әлеуметтік педагог, педагог-психологтар түрлі тренингтер мен ойын-жаттығулар жүргізді. Тренингке оқушылар белсене атсалысты.
Ұстаздар күні
11
октябрь
2024
Ұстаздар күні
"Ұстаздар күні" мерекесіне орай 8-9 сынып оқушылары арасында "Мектебің- алтын ұяң жарқыраған, Ұстазың- бұлақ көзің сарқыраған" тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.
⚜️«Мәдениет-асыл қазынам» жылжымалы көрме ұйымдастырылды.⚜️
09
октябрь
2024
⚜️«Мәдениет-асыл қазынам» жылжымалы көрме ұйымдастырылды.⚜️
   2024 жылдың 8 қазан күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткен   «Мәдениет-асыл қазынам» атты тақырыпта жылжымалы көрме өтті. Көрмеге музей қорында сақталған этнографиялық жәдігерлерден жинақталған күнделікті тұрмыс тіршілікте әр түрлі мақсатта пайдаланылған, қоржындар және ағаштан жасалған ыдыстар қойылды.  Көрме барысында этнографиялық жәдігерлердің тарихы жайлы баяндалды.
Менің арманымдағы ұстаз
07
октябрь
2024
Менің арманымдағы ұстаз
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназияда "Ұстаздар күні" мерекесіне орай 5 сынып оқушылары арасында "Менің арманымдағы ұстаз" тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды.
🔰«Өз ұстазыңды құттықта!»
04
октябрь
2024
🔰«Өз ұстазыңды құттықта!»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 5-қазан «Өз ұстазыңды құттықта!» тақырыбында құттықтау челленджін ұйымдастырды.  Ұстаздарға құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған челленджге жоғарғы сынып оқушылары құттықтау жолдап, ізгі ниеттерін білдірді. Мұғалім - мамандық, ұстаздық - қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойында.