🔰«Өз ұстазыңды құттықта!»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 5-қазан «Өз ұстазыңды құттықта!» тақырыбында құттықтау челленджін ұйымдастырды. Ұстаздарға құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған челленджге жоғарғы сынып оқушылары құттықтау жолдап, ізгі ниеттерін білдірді. Мұғалім - мамандық, ұстаздық - қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойында.