Материалы за 12.09.2024 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Абайлаңыз, балалар!
12
сентябрь
2024
«Абайлаңыз, балалар!
  Мектеп-гимназияда «Абайлаңыз, балалар!» атты республикалық акциясының барысында «Жолда жүру ережесін сақтаудың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында эссе байқауы өтті. Оқушылар өз жұмыстарында көше тәртібін сақтаудың, жол белгілерін білудің маңызына тоқталып, апаттық жағдайдан сақ болуға шақырды. Мақсаты:Оқушыларда жолда жүру ережесі туралы білімін қалыптастыру. Жолда абайлап жүруді үйрету.
🔰АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
12
сентябрь
2024
🔰АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие”бағдарламасының негізінде 5 “Б” сынып жетекшісі Амалбекова М. ұйымдастыруымен “Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында уақытты тиімді басқарудың ерекшеліктері айтылды.  Сонымен қатар, мектептің ішкі-тәртіп ережесі, мектеп формасы, оқушылардың білімі мен тəртібі, құқық бұзушылық, буллинг, кибербуллинг, зорлық - зомбылықтың алдын алуға байланысты түсіндірме жасады.