20
март
2024
МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!
Көктемнің ең тамаша, ұлы мерекелерінің бірі - Әз Наурыз! Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам-береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мерекесінің қарсаңында мектеп-гимназияда 4-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз” тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кеш барысында өнерлі оқушыларымыз қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында әннен шашу шашып, мың бұрала биледі.





