12
январь
2024
ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР ҰЛЫ – ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ!
12 қаңтар күні мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” аясында 6-сынып оқушыларының арасында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 112 жылдығына орай ақпараттық сағат өтті. Артына мол мұра мен өнегелі ғұмырын қалдырған мемлекет қайраткерінің өмірі мен қалтқысыз атқарған еңбек жолдары айтылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Қазақ тарихында бітім-болмысы дараланған ұлы тұлғаның есімі жылдар өткен сайын жаңғырып, ел жадында мәңгі сақталады.








