28
ноябрь
2020
«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 1-4 сыныптар аралығында әлеуметтік педагог А.Тольтаеваның ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында кезекші сыныптармен санитарлық талаптарды сақтай отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарында бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, мектеп медбикесі Ж. Хожанова дұрыс тамақтану ережелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, «Whatsapp» желісі арқылы да бейнероликтер жіберіліп, оқушылардан кері байланыстар алынды.




