Мұғалімдер » Страница 3 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
05
март
2021
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ДАЯРЛАҒАН ЖЕТЕКШІЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!  
Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ!
10
февраль
2021
Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ!
Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ! Тәуелсіздік дейтін ең биік түсініктен Желтоқсан жаңғырығын бөлектей алмаймыз. «Қазақ деген атым бар» деп қасқиып шыққан Қайраттай батырларымыздың намысын бірге жыртқан, рухына дем берген қарапайым ғана қанша «желтоқсанның» ерлері жүр арамызда.  Солардың бірі аяулы әріптесіміз, ұлағатты ұстаз МОМЫНҚҰЛОВА ЗӘУРЕ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ. Зәуре әпки Желтоқсанға қатысқан жалынды жас қана емес, ол – бүгінгінің де бетке ұстары.  Бүгін арайлы Алматы қаласынан сүйінші хабар
«Үздік тәлімгер - 2021» байқауы
06
февраль
2021
«Үздік тәлімгер - 2021» байқауы
Байзақ ауданы білім бөлімі «Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының» ұйымдастыруымен тәлімгерлердің тиімді тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату, балалар бірлестігінің жұмысын кеңінен насихаттау және жүргізу мақсатында өткен аудандық «Үздік тәлімгер - 2021» байқауына мектеп-гимназиямыздың тәлімгері Көпжасар Гүлмира Көпжасарқызы қатысып, І орын иегері атанды. Байқау ережелеріне сәйкес  үздік өнер көрсеткен әріптесіміз облыстық кезеңге жолдама алды. ӘРІПТЕСІМІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!  
"Педагогикалық идеялар"
13
январь
2021
"Педагогикалық идеялар"
Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың желтоқсан айында аудандық "Педагогикалық идеялар" байқауы өтті. Байқауға Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясынан 12 мұғалім қатысып, 5 мұғалім жүлдегер атанды. Жеңімпаздар қатарынан табылған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Байқаудың облыстық кезеңіне өткен бұл ұстаздарға сәттілік серік болсын дейміз.  
"Үздік шеберлік сыныбы"
15
декабрь
2020
"Үздік шеберлік сыныбы"
        2020 жылдың 15 желтоқсанында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Сапа" әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері арасында "Үздік шеберлік сыныбы" байқауы өтті. Байқауға 10 мұғалім қатысып, үздік деп танылған екі мұғалім Айтжанова М., Ақшолақова А. байқаудың аудандық кезеңіне жіберілді.  
Облыстық «Үздік сынып» байқауы
15
декабрь
2020
Облыстық «Үздік сынып» байқауы
        Облыстық «Үздік сынып» байқауында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 4 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Сарбасова Н III орын иегері атанды.  
"8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні"
06
март
2020
"8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні"
Бүгін Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясына аудан әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы арнайы келіп "8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай мектебіміздің басшысы Ермекова Гульбахрам Серікқызын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың алғыс хатымен марапаттады.  
Қыздар арасында өткізілген волейбол ойыны
04
март
2020
Қыздар арасында өткізілген волейбол ойыны
04.03.2020 күні Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қыздар арасында өткізілген волейбол ойынынан Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының командасы 1 орын алды.  
"Ақ шағала" би байқауы
28
февраль
2020
"Ақ шағала" би байқауы
     28-ақпан күні аудандық  "Балалар мен жасөспірімдер орталығының" ұйымдастыруымен өткен аудандық "Ақ шағала" би байқауында  Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының "Балауса" би тобы бас жүлде иеленіп, облысқа жолдама алды.  
"Педагогикалық идеялар" фестивалі
15
январь
2020
"Педагогикалық идеялар" фестивалі
      Әріптесіміз география пәнінің мұғалімі Қапалбаева Жұлдыз Анарбекқызы республикалық "Педагогикалық идеялар" фестиваліне Жамбыл облысының атынан  қатысып, өз тәжірибесімен бөлісуде. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!