Мұғалімдер » Страница 2 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы"
16
ноябрь
2022
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы"
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ-ның 10 жылдығына орай "Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі" Республикалық конкурсының облыстық кезеңінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы жүлделі ІІ орынды иеленді. Мектеп-гимназия ұжымын тағы бір жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
"Педагогикалық идеялар панорамасы"
15
ноябрь
2022
"Педагогикалық идеялар панорамасы"
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.                                                                   К.Д.Ушинский "Педагогикалық идеялар панорамасы" Республикалық байқауының аймақтық іріктеу кезеңінде мектеп-гимназиямыздың физика пәнінің мұғалімі Аманова Салтанат Мыңбайқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарабаева Айнұр Асқарқызы ІІІ орынға ие болды. Білімді де білікті ұстаздарымызды жеңістерімен
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
06
октябрь
2022
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр ад амның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. Ұстаздарымызды ұлықтау және құрмет көрсету мақсатында мектеп – гимназиямыздың  11 - ші сынып оқушылары "Мұғалім - мектептің жүрегі" тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырды
"Жарқын болашақ"
07
февраль
2022
"Жарқын болашақ"
2021-2022 оқу жылына арналған  медиа-жоспарға сәйкес "Жарқын болашақ" республикалық ғылыми-әдістемелік журналдың 2022 жылдың қаңтар  айындағы санына Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 12 мұғалімінің мақалалары мен  сабақ жоспарлары жарияланды.  
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атты байқау
22
ноябрь
2021
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атты байқау
Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атты байқауға Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Нарикбаева Нуркул Турсымбаевна қатысып,  жеңімпаз атанды. Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!!!  
"Дарынды балаға-талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиада
04
ноябрь
2021
"Дарынды балаға-талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиада
"Дарынды балаға-талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадасында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тыныштықова Ғайни  жүлделі ІІ орынды иеленді. Әріптесімізді және мектеп ұжымын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз.  
"Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" ұйымдастыруымен өткен спартакиада
25
сентябрь
2021
"Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" ұйымдастыруымен өткен
22-24 қыркүйек күндері аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы "Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" ұйымдастыруымен өткен спартакиада әйелдер арасындағы волейбол ойынан мектеп-гимназиямыздың ұстаздар командасы ІІІ орын иеленіп, аудан абыройын асқақтатты. Команда бапкері Ақпанбетов Мейірбек. «Тараз арена» спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінген әріптестерімізді құттықтаймыз.  
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
05
март
2021
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ДАЯРЛАҒАН ЖЕТЕКШІЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!  
Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ!
10
февраль
2021
Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ!
Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ! Тәуелсіздік дейтін ең биік түсініктен Желтоқсан жаңғырығын бөлектей алмаймыз. «Қазақ деген атым бар» деп қасқиып шыққан Қайраттай батырларымыздың намысын бірге жыртқан, рухына дем берген қарапайым ғана қанша «желтоқсанның» ерлері жүр арамызда.  Солардың бірі аяулы әріптесіміз, ұлағатты ұстаз МОМЫНҚҰЛОВА ЗӘУРЕ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ. Зәуре әпки Желтоқсанға қатысқан жалынды жас қана емес, ол – бүгінгінің де бетке ұстары.  Бүгін арайлы Алматы қаласынан сүйінші хабар
«Үздік тәлімгер - 2021» байқауы
06
февраль
2021
«Үздік тәлімгер - 2021» байқауы
Байзақ ауданы білім бөлімі «Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының» ұйымдастыруымен тәлімгерлердің тиімді тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату, балалар бірлестігінің жұмысын кеңінен насихаттау және жүргізу мақсатында өткен аудандық «Үздік тәлімгер - 2021» байқауына мектеп-гимназиямыздың тәлімгері Көпжасар Гүлмира Көпжасарқызы қатысып, І орын иегері атанды. Байқау ережелеріне сәйкес  үздік өнер көрсеткен әріптесіміз облыстық кезеңге жолдама алды. ӘРІПТЕСІМІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!