ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 3-КҮН
Бүгін 27 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының кестесіне сәйкес физика, биология, химия және математика пәндері бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға физика пәнінен 10 оқушы, биология пәнінен 11 оқушы, химия пәнінен 14 оқушы және математика пәнінен 13 оқушы қатысты. Білім жарысында оқушыларымызға сәттілік тілейміз!