Мектеп-гимназияда "Біз бақытты баламыз" жазғы сауықтыру лагерінің қатысушыларына мектеп медбикелері "қызылша" ауруы туралы баяндама оқыды. Сонымен қатар қызылша ауруының негізгі белгілері, таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Балалар сұрақтарын қойып, тың деректер алды.
