04
апрель
2023
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда «Сымбат, талғам, киіну, сұлулық, кескін-келбет» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналыс барысында сымбат, талғам, сұлулық, кескін-келбет ұғымдарына анықтама беріліп, сән әлеміне қатысты бейнероликтер көрсетілді. Мектеп психологінің ұйымдастыруымен «Керме жіп» әдісі арқылы сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.
Іс-шараның мақсаты:
Қыздарды сұлулық, көркемдік, әдемілік ұғымын сезіне, түсіне, көре білуге тәрбиелеу, адам әдемілігі туралы алған білімдерін, ойлау шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту, қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың - әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету.









