Материалы за Июнь 2025 года » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

132 БАЛЛ! НАҒЫЗ ҰБТ НӘТИЖЕСІ!
28
июнь
2025
132 БАЛЛ! НАҒЫЗ ҰБТ НӘТИЖЕСІ!
Оқушымыз “Алтын белгі” төсбелгісінің иегері Джолдасбаева Айгерим Жалгасовна қазақстан тарихы 18/20, оқу сауаттылығы 10/10, математикалық сауаттылық 10/10, қазақ тілі 47/50, қазақ әдебиеті 47/50, жалпы 132 балл иегері атанды.     3 сұрақтың апелляцияға берілуіне байланысты толық сертификат әзірге шықпай тұр. Айыпқа бұйырмаңыздар.
123 БАЛЛ! НАҒЫЗ ҰБТ НӘТИЖЕСІ!
27
июнь
2025
123 БАЛЛ! НАҒЫЗ ҰБТ НӘТИЖЕСІ!
Оқушымыз “Алтын белгі” төсбелгісінің иегері Әбілез Ләззат Саятбекқызы қазақстан тарихы 16/20, оқу сауаттылығы 10/10, математикалық сауаттылық 9/10, математика 47/50, физика 41/50, жалпы 123 балл иегері атанды.
”АЛТЫН БЕЛГІ” ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРЛЕРІН АУДАН ӘКІМІ БАҚҚАРАЕВ ОЛЖАС ЕЛЕБЕКҰЛЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
27
июнь
2025
”АЛТЫН БЕЛГІ” ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРЛЕРІН АУДАН ӘКІМІ БАҚҚАРАЕВ ОЛЖАС
Биыл мектеп-гимназиямызды 75 түлек аяқтап отыр. Оның 4-і “Алтын белгі” төсбелгісінің иегерлері. Атап айтсақ: Әбілез Ләззат, Бақыт Айжан, Джолдасбаева Әйгерім, Турсынбаев Абдурахман.      Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиелерің өмір жолдарыңда жарық жұлдыздай бағыт-бағдар беріп, сенімді серік болсын! Ел игілігі үшін еңбек ететін азамат болуларыңа сенім артамыз.
“Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты
27
июнь
2025
“Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты
Мектеп-гимназияда “Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты жоғары көңіл-күймен өтті. Кішкентай бүлдіршіндер әсем ән салып, көңілді би билеп, өнерлерін паш етті. Лагерь барысында белсенділік танытып, түрлі іс-шаралардың сәтті өтуіне үлес қосқан балалар мен тәрбиешілерге алғыс хаттар табысталды. Жазғы лагерьден ұмытылмас естеліктер мен шаттыққа толы сәттер қалды. Келесі лагерьде аман-есен кездескенше! Барша балақайларға көңілді, қызықты әрі қауіпсіз демалыс тілейміз! Жаз күндеріңіз
135 БАЛЛ! НАҒЫЗ ҰБТ НӘТИЖЕСІ!
26
июнь
2025
135 БАЛЛ! НАҒЫЗ ҰБТ НӘТИЖЕСІ!
Оқушымыз “Алтын белгі” төсбелгісінің иегері Турсынбаев Абдурахман қазақстан тарихы 19/20, оқу сауаттылығы 9/10, математикалық сауаттылық 10/10, математика 47/50, информатика 50/50, жалпы 135 балл иегері атанды.
“Дарабоз” байқауы ұйымдастырылды.
24
июнь
2025
“Дарабоз” байқауы ұйымдастырылды.
Балдәурен жазғы сауықтыру лагерінде балалардың танымдық қабілеті мен тапқырлығын дамыту мақсатында “Дарабоз” байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, білім мен шапшаңдықтарын сынға салды. Шара соңында белсенді қатысқан балалар алғыс хаттармен марапатталды.
“Көңілді старт” атты қызықты ойын өткізілді.
21
июнь
2025
“Көңілді старт” атты қызықты ойын өткізілді.
Балдәурен жазғы лагерінде балалар мен тәрбиешілердің белсенді қатысуымен “Көңілді старт” атты қызықты ойын өткізілді. Шарада командалық бірлік, жылдамдық пен ұйымшылдық сынға түсті. Балалар көтеріңкі көңіл күймен, достық пен ынтымақтастықты сезініп, тамаша уақыт өткізді.  
«Жеке бас гигиенасы» және «Тазалық»
20
июнь
2025
«Жеке бас гигиенасы» және «Тазалық»
Балдәурен жазғы лагерінде мектеп медбикелері лагерь қатысушыларына «Суда жүріп-тұру ережелері», «Жеке бас гигиенасы» және «Тазалық» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалар қауіпсіздік шаралары мен тазалықтың маңыздылығы туралы маңызды ақпарат алды.  
*фильм көру сағаты* ұйымдастырылды.
19
июнь
2025
---
*фильм көру сағаты* ұйымдастырылды.
Балдәурен жазғы лагерінде балаларға арналған танымдық *фильм көру сағаты* ұйымдастырылды. Балалар көңілді әрі мағыналы уақыт өткізіп, жаңа әсер алды.
Smart English үйірмесінің ұйымдастыруы
19
июнь
2025
Smart English үйірмесінің ұйымдастыруы
Балдәурен жазғы лагерінде Smart English үйірмесінің ұйымдастыруымен “Лабиринт” ойыны өткізілді. Бұл ойын арқылы балалар ағылшын тіліндегі сөздерді еске түсіріп, бағытты тез табу дағдыларын дамытты. Ойын қызықты әрі танымдық сипатта өтті.