🔰Мектеп-гимназияда Адам және қоғам циклі пәндерінің салтанатты ашылуы
Мектеп-гимназияда Адам және қоғам циклі пәндерінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу барысында тарих бойынша викториналық сұрақтар қойылып, ұлттық тағамдар таратылды. Шараның басты көркі Абылай ханды таққа отырғызу рәсімі орындалды. Оқушыларға садақ атқызып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Алдағы уақыттарда Тарих пәні ұстаздары түрлі қызықты іс шараларды өткізу жоспарлануда.