12
ноябрь
2021
"Ұлтын сүйген ұланбыз!" атты республикалық шығармашылық байқау
"Атадан мұра" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен "Ұлтын сүйген ұланбыз!" атты республикалық шығармашылық байқауда Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары Қази Үміт 1-орынды, Сәрсенбек Амина, Мерғали Балнұр 2-орынды, Қази Айзере, Жомоладдин Нұртас, Шарипбай Ұлдана, Нұрғали Мадина 3-орынды иеленді. Оқушылар аталған байқауға "Көркем сөз", "Хореография", "Бейнелеу өнері", "Сән үлгісі" номинациялары бойынша қатысты. Жетекшісі-бастауыш сынып мұғалімі Сатенова Айнұр. Оқушыларымыз бен жетекшісін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
















