ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ 🔰Жамбыл облысының әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлының ұйымдастыруымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы бастау алған болатын. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ 🔰Жамбыл облысының әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлының ұйымдастыруымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы бастау алған болатын.
03
февраль
2025

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ 🔰Жамбыл облысының әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлының ұйымдастыруымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы бастау алған болатын.

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
🔰Жамбыл облысының әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлының ұйымдастыруымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы бастау алған болатын. Жобаның мақсаты- өңір жастарын кітап оқуға баулу, мәдениетті адам болуы үшін келешек ұрпақты рухани байлық - кітапты дәстүрлі түрде оқи алатындай тәрбиелеу процессіне өзіндік үлесін қосу.
🔰Осы жобаның аясында 18 қаңтар күні Тарихы терең Тараз қаласының төрінде «Жамбыл облысы білім басқармасы, Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ой шебері»  зияткерлік ойыны өтті. Зияткерлік ойынға аудандар мен қала мектептерінің білім алушылары мен жетекшілерінен 90 топ өзара бақ сынасты. 
Ойынның қорытындысы бойынша 3 команда жеңімпаз атанды. Осы байқауда біздің мектеп-гимназиямыздың намысын қорғап барған оқушыларымыз мен ұстазымыз жеңіс тұғырынан  көріне білді.
🔰Міне, бүгін жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, orda.kz  сайтының меншікті тілшісі Исламбек Дастан «Зияткер мектеп» кубогы мен 500000 теңгелік сертификат табыстады және Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Сейдаханов Ерлан Сейдаханұлы жеңімпаз оқушыларды дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері З. Момынкулова, Г.Калдарбекова , А.Омарова , Р.Шынықова, М. Амалбекованы білім бөлімінің алғыс хатымен марапаттады. Оқушылар мен ұстаздарымызды жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарға  сәттілік тілейміз!