Іс-шаралар » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Зерттеу мен тәжірибенің түйіскен тұсы: авторлық жұмыс» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
07
октябрь
2025
«Зерттеу мен тәжірибенің түйіскен тұсы: авторлық жұмыс» тақырыбында
Бүгін мектеп кітапханасында «Зерттеу мен тәжірибенің түйіскен тұсы: авторлық жұмыс» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.  Семинардың мақсаты – педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру, авторлық тәжірибесін тарату және кәсіби құзыреттілігін арттыру. Іс-шара барысында Айнұр Жамалбекқызы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік қызметтің өзара байланысын талдап, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік өнімдердің мазмұнымен таныстырды.  Әріптестер зерттеудің педагогикалық
Мектеп – гимназияда «Назар аударыңыз, балалар!
10
сентябрь
2025
Мектеп – гимназияда «Назар аударыңыз, балалар!
Мектеп – гимназияда «Назар аударыңыз, балалар!»  акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларымен   ақпараттық сағат өтті. Оқушыларды жолда жүру ережелері жайлы білімдерін кеңейте отырып, оқушылардың мектепке баратын жолдарында қауіпсіз жүріп тұруларына жағдай жасап, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ!
10
сентябрь
2025
«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ!
Мектеп-гимназияда 9 қыркүйек күні «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы аясында  «Жас жол инспекторлар» тобы  2-3 сынып оқушылары арасында қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында жас жол инспекторлары жолда жүру ережелерімен таныстырып, жаяу жүргіншінің міндеттерін түсіндіріп  өтті.
Отбасы күні
10
сентябрь
2025
Отбасы күні
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында “Отбасы күніне” орай 8 қыркүйек күні оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында “Бақытты отбасы-берекелі қоғам” тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді.  
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2 қыркүйек  күні «МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН» тақырыбы
03
сентябрь
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2 қыркүйек күні
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында  «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2 қыркүйек  күні «МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында   1-11 сынып оқушылары арасында  біріңғай сынып  сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына патриоттық сезім мен Отанына деген шексіз махаббат, өз елінің айбынды, адал азаматы болуға тәрбиелеу.
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
01
сентябрь
2025
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
Нығметулла Киікбаев  атындағы мектеп-гимназиясында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектеп-гимназиямыздың ардагер ұстаздары Қосымова Гүлнар Ғаббасқызы, Бекбауов Асқар Смайылұлы, Орманов Нурхатди Алмаханұлы қатысты. Салтанатты іс–шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталды. Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндеріміз әуезді ән айтып өлең жолдарын тарту етті. Мектеп- гимназия
”АЛТЫН БЕЛГІ” ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРЛЕРІН АУДАН ӘКІМІ БАҚҚАРАЕВ ОЛЖАС ЕЛЕБЕКҰЛЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
27
июнь
2025
”АЛТЫН БЕЛГІ” ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРЛЕРІН АУДАН ӘКІМІ БАҚҚАРАЕВ ОЛЖАС
Биыл мектеп-гимназиямызды 75 түлек аяқтап отыр. Оның 4-і “Алтын белгі” төсбелгісінің иегерлері. Атап айтсақ: Әбілез Ләззат, Бақыт Айжан, Джолдасбаева Әйгерім, Турсынбаев Абдурахман.      Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиелерің өмір жолдарыңда жарық жұлдыздай бағыт-бағдар беріп, сенімді серік болсын! Ел игілігі үшін еңбек ететін азамат болуларыңа сенім артамыз.
“Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты
27
июнь
2025
“Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты
Мектеп-гимназияда “Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты жоғары көңіл-күймен өтті. Кішкентай бүлдіршіндер әсем ән салып, көңілді би билеп, өнерлерін паш етті. Лагерь барысында белсенділік танытып, түрлі іс-шаралардың сәтті өтуіне үлес қосқан балалар мен тәрбиешілерге алғыс хаттар табысталды. Жазғы лагерьден ұмытылмас естеліктер мен шаттыққа толы сәттер қалды. Келесі лагерьде аман-есен кездескенше! Барша балақайларға көңілді, қызықты әрі қауіпсіз демалыс тілейміз! Жаз күндеріңіз
“Дарабоз” байқауы ұйымдастырылды.
24
июнь
2025
“Дарабоз” байқауы ұйымдастырылды.
Балдәурен жазғы сауықтыру лагерінде балалардың танымдық қабілеті мен тапқырлығын дамыту мақсатында “Дарабоз” байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, білім мен шапшаңдықтарын сынға салды. Шара соңында белсенді қатысқан балалар алғыс хаттармен марапатталды.
“Көңілді старт” атты қызықты ойын өткізілді.
21
июнь
2025
“Көңілді старт” атты қызықты ойын өткізілді.
Балдәурен жазғы лагерінде балалар мен тәрбиешілердің белсенді қатысуымен “Көңілді старт” атты қызықты ойын өткізілді. Шарада командалық бірлік, жылдамдық пен ұйымшылдық сынға түсті. Балалар көтеріңкі көңіл күймен, достық пен ынтымақтастықты сезініп, тамаша уақыт өткізді.  
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 67 Вперед