02
май
2023
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ!
28 сәуір күні мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай оқырмандар конференциясы өтті. Оқырмандар конференциясын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алиева Айсұлу ұйымдастырды. Конференция барысында Оралхан Бөкейдің өміріне тоқталып, "Тортай мінер ақ боз ат" әңгімесі негізге алынды.
Мақсаты: әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдау, шығармадан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу, оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту.





