28
апрель
2023
СУРЕТ КӨРМЕСІ ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1-5 сынып оқушыларының арасында "Халықтар достығы - ел бірлігінің кепілі" тақырыбында сурет көрмесі өтті. Оқушылар өз жұмыстарында тату-тәтті Қазақстан, бірлікте өмір сүріп түрлі ұлт өкілдерін, мерекелік атмосфераны жеткізе білді.
Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.




