Игембаев Дәулет Маралбайұлы «Әулие ата» көкпар клубының жаттықтырушысы және мектеп-гимназиямыздың түлегі, «Әулие ата» көкпар клубының ойыншысы Дуанбек Даниалдың қатысуымен шеберлік сынып өткізілді. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » Игембаев Дәулет Маралбайұлы «Әулие ата» көкпар клубының жаттықтырушысы және мектеп-гимназиямыздың түлегі, «Әулие ата» көкпар клубының ойыншысы Дуанбек Даниалдың қатысуымен шеберлік сынып өткізілді.
16
апрель
2025

Игембаев Дәулет Маралбайұлы «Әулие ата» көкпар клубының жаттықтырушысы және мектеп-гимназиямыздың түлегі, «Әулие ата» көкпар клубының ойыншысы Дуанбек Даниалдың қатысуымен шеберлік сынып өткізілді.

2025 жылдың 11 сәуір күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Атадан өсиет- анадан қасиет» тақырыбында әкелер мектебінің мүшесі Халиев Алимардан Омараліұлы «Әулие ата» көкпар клубының ойыншысы, Игембаев Дәулет Маралбайұлы «Әулие ата» көкпар клубының жаттықтырушысы және мектеп-гимназиямыздың түлегі, «Әулие ата» көкпар клубының ойыншысы Дуанбек Даниалдың қатысуымен шеберлік сынып өткізілді. Шеберлік сынып барысында қазақтың ұлттық спорты «Көкпар» ойынының ережесімен, ат баптау, атты ерттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Әулие ата» көкпар клубының жетістіктеріне кеңінен тоқталды. 
Жеті қазынаның бірі — ат. Қазақ мәдениетінде ат — ер адамның сенімді серігі, байлығы, жауға шапқанда тірегі болған. Ат тек көлік құралы емес, сонымен қатар батырлықтың, ерліктің, еркіндіктің символы ретінде де қарастырылады. Сондықтан да жеті қазынаның бірі атты дәріптеу арқылы баланың бойына еркіндік пен жігерлілікті дарыту біздің мақсатымыз.