Материалы за Июнь 2025 года » Страница 2 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» Материалы за Июнь 2025 года » Страница 2
“Ой-сана” үйірмесінің ұйымдастыруы
19
июнь
2025
“Ой-сана” үйірмесінің ұйымдастыруы
”БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ Бүгін “Балдәурен” жазғы лагерінде “Ой-сана” үйірмесінің ұйымдастыруымен “Көңілді іздер” атты қызықты ойын өткізілді. Балалар белсене қатысып, шапшаңдық пен зеректік танытты. Ойын барысында достық пен ұжымдық жұмыс нығайып, көңіл күй көтерілді.
«Екі жұлдыз» өнер байқауы өтті
17
июнь
2025
---
«Екі жұлдыз» өнер байқауы өтті
Бүгін «Балдәурен» жазғы лагерінде тәрбиеші-тəлімгерлер мен балалардың қатысуымен көңілді де әсерлі «Екі жұлдыз» өнер байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Жұлдыздай жарқыраған жұптар сахнада ерекше өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  
«Балдәурен» жазғы лагері
17
июнь
2025
«Балдәурен» жазғы лагері
Бүгін біздің «Балдәурен» жазғы лагеріне Байзақ аудандық Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы арнайы қонаққа келді. Олар «Бақытты балалық шақ» тақырыбында әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында әсем әндер шырқалып, көңілді билер биленіп, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Балалар ерекше қуанып, шаттыққа бөленген күн болды.  
“Ертегілер еліне саяхат”
16
июнь
2025
“Ертегілер еліне саяхат”
Бүгін «Балдәурен» жазғы лагерінде “Ертегілер еліне саяхат” атты әсерлі байқау өтті. Балалар ертегілерді сахналап, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Қиялға толы қойылымдар көрерменнің көңілінен шығып, үздік қатысушылар дипломмен марапатталды. Бүлдіршіндеріміздің шығармашылық қабілеті мен тапқырлығына тәнті болдық! 
”БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ
13
июнь
2025
”БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ
Мектеп-гимназияда “Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінің 1-кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Ән мен би, көтеріңкі көңіл күй, балалардың шат күлкісі шараға ерекше сән берді. Қызықты сәттерге толы бұл кезең балғындар жүрегінде жарқын естелік болып қалары сөзсіз.  
“Балдәурен” жазғы лагерінде
12
июнь
2025
“Балдәурен” жазғы лагерінде
Бүгін “Балдәурен” жазғы лагерінің қатысушылары ерекше күн өткізді. Таңғы серуен Март ойын-сауық орталығында қызықты мультфильм көруден басталып, балалардың көңілін көтерді. Күннің жалғасы “Өлкетану” музейіне саяхатпен толықты. Балалар туған өлке тарихымен танысып, танымдарын кеңейтті. Керемет әсер мен естеліктерге толы күн болды! 
«Жас спортшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен балалар арасында қызықты эстафеталық жарыс өтті. Жарыс барысында балалар жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, командалық рухты сезінді.
10
июнь
2025
«Жас спортшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен балалар арасында қызықты
«Жас спортшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен балалар арасында қызықты эстафеталық жарыс өтті. Жарыс барысында балалар жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, командалық рухты сезінді. Спорттық шара балалардың белсенділігін арттырып, денсаулықты нығайтуға үлкен үлес қосты. Жеңімпаздар марапатталып, қуанышқа бөленді.
«Балдәурен» жазғы лагерінде «Жалын» тобының жетекшілері «Татулық – бақытты балалық шақтың кепілі» тақырыбында ерекше шығармашылық сағат ұйымдастырды.
10
июнь
2025
«Балдәурен» жазғы лагерінде «Жалын» тобының жетекшілері «Татулық –
«Балдәурен» жазғы лагерінде «Жалын» тобының жетекшілері «Татулық – бақытты балалық шақтың кепілі» тақырыбында ерекше шығармашылық сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар өз алақандарын плакатқа бояу арқылы басып, бірлік пен достықтың символын бейнеледі. Жарқын түстерге боялған әр алақан шаттық пен қуанышқа толы көңіл күй сыйлап, лагерь ауасын жылы әсерге бөледі. Балалар өз еңбектерін мақтанышпен көрсетіп, татулықтың қадірін тағы бір сезінді.
«Тіл білгірі» сайысы
09
июнь
2025
«Тіл білгірі» сайысы
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Шабыт» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Тіл білгірі» сайысы жоғары деңгейде өтті. Балалар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлық танытты. Қазақ тіліне деген қызығушылық пен құрметті арттыруды мақсат еткен сайыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар дипломдармен марапатталды. Тәрбиелік мәні зор, танымдық шара балалардың көңілінен шықты.
«Smart English» үйірмесінің жетекшілері лагерь қатысушыларына арналған қызықты әрі ой сергітер «Hot potato» ойынын ұйымдастырды.
09
июнь
2025
«Smart English» үйірмесінің жетекшілері лагерь қатысушыларына
«Smart English» үйірмесінің жетекшілері лагерь қатысушыларына арналған қызықты әрі ой сергітер «Hot potato» ойынын ұйымдастырды. Бұл ойын балалардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын дамытуға, жылдам ойлап, тез жауап беруге машықтандыруға бағытталды. Балалар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйде қатысты.