“Дарабоз” байқауы ұйымдастырылды.
Балдәурен жазғы сауықтыру лагерінде балалардың танымдық қабілеті мен тапқырлығын дамыту мақсатында “Дарабоз” байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, білім мен шапшаңдықтарын сынға салды. Шара соңында белсенді қатысқан балалар алғыс хаттармен марапатталды.