«Балдәурен» жазғы лагері
Бүгін біздің «Балдәурен» жазғы лагеріне Байзақ аудандық Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы арнайы қонаққа келді. Олар «Бақытты балалық шақ» тақырыбында әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында әсем әндер шырқалып, көңілді билер биленіп, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Балалар ерекше қуанып, шаттыққа бөленген күн болды.