07
ноябрь
2025
Бастауыш пәні әдістемелік бірлестігі аясында ашық сабақ ✨
Бастауыш пәні әдістемелік бірлестігі аясында ашық сабақ 
Бүгін жаратылыстану пәнінен 2 “Г” сыныбында Бибосынова Қорлан «Адам денесінің құрылысы қандай?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ өте қызықты, оқушы белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізілді.
Сабақ барысында оқушылар адам ағзасы мүшелерінің қызметтері туралы білімдерін кеңейтіп, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс жасай білді. Сонымен қатар, сабақтың мазмұнын арттыру мақсатында танымдық видеоматериалдар қолданылып, оқушылардың қызығушылығы одан әрі артты.
Ұстаздың еңбегіне табыс, шығармашылығына толағай жетістіктер тілейміз! 




